Зеленский АҚШ өкілдерімен соғысты аяқтау мәселесін талқылады

118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rWn5TvyxIXVDKBlwSP79jFDOMngWVzInOEnfyoQA.webp

6 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленский Киевте АҚШ көшбасшысының арнайы өкілі Стив Уиткофф және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен өткен келіссөздерде соғысты аяқтаудың ықтимал шарттары, Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, экономикалық қолдау және аумақтық мәселе талқыланғанын мәлімдеді. Бұл туралы DW жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Владимир Зеленскийдің сөзінше, Киев соғыс қимылдары қыста да жалғасады деген ұстанымда. Сондықтан Украина серіктестерінен жаңа көмек пакетін күтеді.

«Біз америкалық серіктестермен келісімге келе аламыз деп үміттенеміз. Егер соғыс қыста жалғасатын болса, еуропалық серіктестеріміздің қолдауына сенеміз. Әзірге жағдай осылай көрініп тұр», — деді ол.

Сондай-ақ Зеленский тараптар аумақтық мәселені де қозғағанын айтты.

«Мен күрделі мәселелер тек көшбасшылар деңгейінде шешіледі деген пікірімде қаламын», — деді Украина президенті.

5 қыркүйекте Ақ үй басшысының арнайы өкілдері Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен болатын. АҚШ президенті әкімшілігі бұл келіссөздерді «мазмұнды өтті» деп бағалаған.

Айта кетейік, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы келіссөздер бірнеше айлық үзілістен кейін қайта жалғасты. Үзіліс АҚШ пен Израильдің Иранға жасалған шабуылдарға «алаңдауына» байланысты туындаған еді.

相关新闻

评论
相关新闻