"Өзіміз отырып шай ішеміз". Алматы - Ташкент пойызында әйелдер вагоны болады

172
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/defaWDiqLdDFiVmGGvaIHGBpCP8rhCfj7UNBwMJA.jpg

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық теміржол қатынасында жаңа қызмет түрі енгізілді. Бүгіннен бастап №½ Алматы – Ташкент пойызының құрамында алғаш рет әйелдерге арналған арнайы вагон қатынайды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы "Қазақстан теміржолы" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Вагонда билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Оларға әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ әйелдер өздерімен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүре алады.

Әйелдер вагоны бұған дейін Қазақстан ішіндегі теміржол бағыттарында енгізілген. Қызмет іске қосылғалы бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланған.

№½ Алматы – Ташкент пойызы күн сайын қатынайды. Алматыдан пойыз 19:05-те жөнеліп, Ташкентке жергілікті уақыт бойынша 12:53-те келеді. Ал кері бағыттағы пойыз Ташкенттен 14:41-де шығып, Алматыға 08:51-де жетеді.

评论