Президент Бас штаб бастығын тағайындап, мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

208
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZKeYLTJyCOzT9IjAlruHiIQRfqCBYAtYg5vv31Xd.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас штаб бастығы-Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындап, Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жүргізді. Бұл туралы бүгін, 5 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына кірісті.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің былтыр және биыл тағайындалған үш бірдей басшысын қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын.   Оның алдында былтыр тағайындалған министрді алмастырған. 

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне толқын алып кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, бес әскери қызметші күдікті деп танылды. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайдан соң қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі арнайы комиссия құруға тапсырма берген. Комиссия алғашқы аптадан-ақ Мемлекет басшысына тексеріс нәтижесі бойынша есеп беруі тиіс деп хабарланған.

Бүгін жаңа басшысы тағайындалған Бас штабтың қызметі мынандай болып келеді. 

 - жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;

 - басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді;

 - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлейді, әскерлерді жоспарлауды, дайындауды және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;

 - жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын әзірлейді;

 - Қарулы Күштерді жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;

 - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

 - қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;

 - Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын əзірлейді;

评论
其他材料