Ақтауда науқас баланың әкесі дәрігердің жағасына жармасқан

212
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/t6NjlZKftPRf4G62y9wq3k8vnjJTl8MZoI4QH1Lf.webp

Фото: Lara.kz

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде баланың әкесі балалар хирургіне шабуыл жасап, оның тамағынан ұстаған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Адырна" порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аурухана қызметкерлерінің мәліметінше, жанжал кеше болған. Дәрігер кішкентай пациентті тексеріп, оның әкесіне медициналық қорытындыны түсіндірген. Баланы ауруханаға жатқызуға қажеттілік болмаған.

Алайда дәрігердің шешіміне келіспеген әкесі ашуға беріліп, үстелді теуіп, хирургке тап берген. Оқиға куәгерлері ер адамды тоқтатып, дәрігерді арашалап қалған. Медициналық мекеме қызметкерлері бірден полиция шақырған.

Бүгін балалар хирургі жұмысқа қайта шығып, кезекшілігіне кіріскен.

Әлеуметтік желі қолданушылары дәрігерге жасалған шабуылды айыптап, кінәлі азаматты заң аясында жауапқа тартуды талап етті. Сондай-ақ ауруханалардағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен жанжалға қатысушылардың әрекеттері анықталып жатыр.

评论