Ұлытауда 100 орындық онкологиялық орталық салынады

156
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/auGMDtFpr516g6BsDhBInPcO7MpwAiA32NKcUgVM.jpg

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында 100 орындық онкологиялық орталықтың құрылысы басталды. Бүгін нысанның іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Есет Байкен мен министр Ақмарал Шәріпбайқызы қатысты, деп хабарлайды "Адырна".

Жаңа медициналық орталықтың жалпы аумағы 22 мың шаршы метрді құрайды. Жоба аясында 100 орындық стационар және бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын диагностикалық бөлім ашу жоспарланған.

Мекеме заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, науқастарды диагностикалау мен емдеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Жаңа орталықтың іске қосылуы Ұлытау облысының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмекті өңірде алуға мүмкіндік беріп, өзге аймақтарға бару қажеттілігін азайтуға бағытталған.

评论
其他材料