Алматыда автобус жолаушыларының қалтасын қағып жүрген 3 әйел ұсталды

2832
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/a27a2fb6-0a76-4713-8fcf-78fd32ea6da9.jpeg

Алматыда автобус жолаушыларының қалтасын қағып жүрген 3 әйел ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Күдіктілер №85 бағыттағы автобуста жасалған қылмыстан кейін қолға түскен. Сол жерде олардың жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды суырып алғаны байқалып қалған.

“Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер – 1989 жылы туған К.есімді, 1989 жылы туған В.

есімді және 2000 жылғы В. есімді Алматы облысының тұрғындары. Қазір ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталған 3 адамның екеуі бұрын да бірнеше рет қалта ұрлығы бойынша сотты болған.

”Адырна” ұлттық порталы 

评论
其他材料