Алматыда автобус жолаушыларының қалтасын қағып жүрген 3 әйел ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Күдіктілер №85 бағыттағы автобуста жасалған қылмыстан кейін қолға түскен. Сол жерде олардың жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды суырып алғаны байқалып қалған.
“Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер – 1989 жылы туған К.есімді, 1989 жылы туған В. есімді және 2000 жылғы В. есімді Алматы облысының тұрғындары. Қазір ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұсталған 3 адамның екеуі бұрын да бірнеше рет қалта ұрлығы бойынша сотты болған.
”Адырна” ұлттық порталы
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
