Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті

3885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/22a02159-2dc1-47e4-ad28-d5a5ff400dcf.jpeg
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 112 құтқару қызметіне 1 қаңтарда сағат 2.01-де қала іргесінде орналасқан Тасбөгет кентінде жаңажылдық шырша жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.
«Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 2.07-де оқшауланып, 2.08-де толық сөндірілді. Шығын мөлшері анықталуда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
评论
其他材料