Шежіре күні ұлттық құндылықтар ұлықталды

1092
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/65927aec-e64c-4e16-9d9e-c444e62b35aa.jpeg
16 наурыз – Шежіре күні. Шымкент қалалық орыс драма театрының алдынан басталған мерекелік іс-шара Арбат алаңында жалғасты. «Шымкент цирк» мекемесі ұйымдастырған жиынға қаладағы мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысып, ұлтымыздың дәстүрін дәріптеп, шежіреміз бен тарихымыздан сыр шертті. Мерекені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтар Әл-Фараби бабамыздан бастап, Шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, қазақтың Домалақ анасы мен Қыз Жібегін көргендей болды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған көш Арбат алаңын жүріп өтті. – Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыздың басталғаны қаламызда ерекше сезіліп жатыр. Бүгінгі Шежіре күнін пайдаланып, ұлылардың көшін ұйымдастырдық. Әр заманның сән-салтанатын көрсетуге тырыстық. Өскелең ұрпақ өткенімен, ата-бабаларымен мақтануы керек, - дейді «Шымкент цирк» мекемесінің басшысы Нұрлан Әділханов. Айта кетейік, Шымқалада Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі өтіп жатыр. Шежіре күні ел-жұрттың, жеті атаның шежіресі тарқатылып, тарихымыз дәріптеледі. Арбат алаңында мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.  
评论