Қызылжарда көрші елден заңсыз әкелінген кішкентай балалар табылды

4233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/644750ee2dcd8599011752.jpg
Солтүстік Қазақстан облысына Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен заңсыз әкелінген балалар анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме көрсете отырып.  СҚО полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 cәуір күні Қызылжар қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 7 пәтерді бастан-аяқ тексерді. Нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың Қазақстан аумағанда жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады. Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету деректері тіркелді. Аталған іске байланысты жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу ҚК 394-бабы, 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан жауап алынып, сұрау салынуда. Мәселенің мәнін толыққанды анықтауға қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы 

评论
其他材料