Солтүстік Қазақстан облысына Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен заңсыз әкелінген балалар анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме көрсете отырып.
СҚО полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 cәуір күні Қызылжар қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 7 пәтерді бастан-аяқ тексерді.
Нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың Қазақстан аумағанда жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады.
Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету деректері тіркелді.
Аталған іске байланысты жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу ҚК 394-бабы, 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.
Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан жауап алынып, сұрау салынуда.
Мәселенің мәнін толыққанды анықтауға қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
Без знания государственного языка теперь невозможно будет получить гражданство Республики Казахстан.