"Мешіт салғанша мектеп салайық, болмаса балабақша құрылысына ниеттенейік" дейтін ойлар мен пікірлерді қазір жиі естиміз. Бұл дінге деген қарсылықтан емес, халықтың қажеттілігінен туындаған көзқарас. Алайда кейбір мемлекеттерде мешіттің салынуына шектеу қойылған. Себебі мешіт халық санына жеткілікті болғандықтан, көп салуды жөн көрмесе керек. Қоғам нені сұрайды, соны беруге тырысамыз. Бірақ мешіт салудың қаншалықты сауапты әрі ізгілікке толы іс екені шариғатта да айтылады. Алайда мектеп пен балабақша, университет, тіпті аурухана салудың сауабы да, маңызы да мешіт тұрғызудан кем емес. Бірінде адам жаны тазарып, рухани кемелденетін болса, екіншісінде әр оқушының білімі артып, сана көкжиегі кеңейіп, болашаққа деген сенімі артып, науқастар емделіп, денсаулықты қалыпқа келтіреді. Екеуі де ақшаның көптігінен емес, сұранысқа, қажеттілікке байланысты қолға алынады.
Қазақстандық кәсіпкерлердің мешітті көптеп салуының бірнеше факторлары бар:
Сондықтан, осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, игі іс жасауға асыққан кәсіпкерлер алдымен жергілікті халықпен ақылдасып, солардың қалауын тыңдап, дауысқа салып, бір шешім қабылдағаны абзал. “Сен тимесең, мен тиме” боп ниеттілер мен мұқтаж адамдардың арасында байланыс болмаса, жақсы дүниенің де қадірі сезілмейді. Мектепті тек мемлекет салу керек деген ойдан аулақ болған жөн. Қандай да бір жақсы істі қолға алғандар “маған одан қандай пайда?”, “шығыны көп” деп емес, бастысы сапалы, көпшілікті риза қылатындай ғимараттарды салуға атсалысқаны дұрыс.
Қазақстандық кәсіпкерлердің мешітті көптеп салуының бірнеше факторлары бар:
- Діни және мәдени артықшылықтар: Қазақстан - ислам дінін ұстанатын және насихаттайтын көпконфессиялы мемлекет. Көп кәсіпкерлер мұсылман болғаны үшін сауапты істі қолға алуға бекінеді;
- Исламда бар адамның кемшілігі мен күнәсінің кешірілуінде қайырымдылық істердің сауабы маңызды екені айтылған. Сондықтан әр мұсылман сауап жинау мақсатында мешіт салады;
- Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер: Қазақстанда ислам халықтың көпшілігінің мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылады. Мешіттің құрылысы мәдени дәстүрлер мен тарихты сақтау, оны насихаттаумен байланысты болуы мүмкін.