Жер сілкінісінен бір күннен соң. Президенттің Алматыға сапары басталды

1822
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/izobrazhenie_2024-01-24_190659593.png
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. "Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр" делінген Ақорданың ресми хабарламасында. Еске сала кетейік, Алматы қаласында 23 қаңтарда түнгі сағат 00:09 уақытында магнитудасы 6,2 баллды құраған жер сілкінісі болды. Алдын-ала ескертілмеген, болжаусыз болған табиғи апат алматылықтарды дүрбелеңге салды. Аталмыш жайттан соң мемлекет басшысының Алматыға келетіні айтылған болатын.  
评论
其他材料