Алматыда жер сілкінісі сезілді

3553
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/bdbeb70d-b4bd-452e-85e0-d6f3420e3b33-960x500.jpeg?token=b8960dc76363a98ca9f9e162fd8d0c0d
Алматылықтар түн ортасында жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеген. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында болған. Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында - 2 балл. Зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ. «Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді», - делінген хабарламада.
评论