Алматыда тұрғын үй өртеніп 23 адам эвакуацияланды. Қаза тапқан адам бары айтылды

4913
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/izobrazhenie_2024-05-01_154639213.png
Алматыда өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.  «Төтенше жағдайлар департаментінің 7 техникалық құралы 1 мамыр күні сағат 05.18-де Әуезов ауданында тіркелген, жалпы ауданы 30 шаршы метрді қамтитын төртінші қабаттағы пәтер өртін сөндірді», - деп жазды ТЖД. Сағат 05.52-де өрт сөндірілді. Үш тағанды баспалдақ пен құтқару техникасының көмегімен 23 адам эвакуацияланды. «Өрт болған жерден 1990 жылы туған азамат №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, сонымен қатар 1997 жылы туған әйелдің денесі табылды», - деп толықтырды ТЖД. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұған дейін өрт кезінде адамдар терезеден секіргені туралы ақпарат пайда болған. Өрттің неден шыққаны және өзге де деректер әзірге белгісіз.
评论
其他材料