Бишімбаев Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған - адвокат

2921
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/72d844fe-6e94-4f4a-8afb-728ce91cdec9-960x500.jpeg?token=3d1d1ac758b0236cc199913148ab2940
Әйелін қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев видеода бір сұрақты Салтанат Нүкеноваға 175 рет қойған. Бұл туралы бүгін жарыссөз барысында зардап шеккен тараптың қорғаушысы Дамир Ишмаметов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ишмаметов сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аудара, Бишімбаев Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойғанын айтады. "Олардың әрқайсында ол Нүкенованы үйленген ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мойындауға мәжбүрлейді. 8-9 қарашадағы оқиғаларға оралсақ, сотталушылардың қылмыс жасағанын әшкерлейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Осы видеоны тағы бір рет еске салғым келеді. Осылайша, Бишімбаев 20 минуттан астам уақыт ішінде монотонды дауыспен 175 рет келесі сөздерді айтады: "Айт, ... (басқа адамның есімі - еск.) жыныстық қатынасқа түскен сен бе?". Бір сөзді 175 рет қайталаған", - деп атап өтті адвокат.
评论