Қазақ өлеңдерін түрік тіліне тәржімаладық - Қуаныш Жұмабек

5473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/11/kuanysh.jpg
Көркем аударма халықтың мәдени өмірінің және әдебиеттің кең арналы саласы екені белгілі. Аударма тілді жетік білумен қатар, терең білім мен асқан жауапкершілікті талап етеді. Шығармаларды аудару барысында түпнұсқаның көркемдік жағын, сөздердің бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу қажет. Сонымен қатар әр ұлттың өзіне тән болмыс-бітімі, таным-түсінігі болғандықтан, оларды ескермей кетуге болмайды. Тіпті табиғат ерекшеліктеріне де мән беру керек. Олай болмаған жағдайда, сөзбе-сөз аудармаға әкеп соғады. Мысалы, түрік бауырларымыз көзі әдемі қызға «есек көзді» дейді. Бұл сөзді қазақшаға «бота көзді» деп аударуымыз керек. Мұндай мәселелер қазақ тілінен өзге тілге аударғанда да алдымыздан шығады. Әдебиеттегі аллегория, метафора сияқты троптар мен домбыра, қамшы т.б. «реалия» сөздерге өте мұқият болған жөн. Ұлттық колоритті сақтау – басты міндеттердің бірі. Қазақ аударматану саласына өз үлесін қосқан Ғалымжан Мұқанов пен орыс аударматануында еңбек еткен Борис Карповты алатын болсақ, екеуін де өз істерінің мамандары деуге негіз бар. Себебі Ғ.Мұқанов қазақ, француз тілдерін, ал Б.Карпов орыс, француз тілдерін жақсы білген. Кейінгі кездегі «әттеген-ай» дегізетін бір жайт, қазақ шығармаларының орыс тіліндегі нұсқасы арқылы басқа тілдерге аударылып жатқандығы. Ана тілімізді білмейтін адамның қазақ халқының дүниетанымын жеткілікті деңгейде түсініп, шығарманың мазмұнын толық ашуы мүмкін емес. Өз құндылықтарымызды ең алдымен өзіміз насихаттағанымыз дұрыс деп есептеймін. Енді түрік поэзиясының өлең өлшемдері мен ұйқастарына қысқаша тоқталайын. Өлшемдеріне қарай еркін, аруз (араб-парсы) және буын сандарына байланысты, ал ұйқастарына қарай жартылай (yarım kafiye, бір әріптің ұйқасуы), толық (tam kafiye, екі әріптің ұйқасуы), бай (zengin kafiye, үш не одан да көп әріптердің ұйқасуы) т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатыны – жартылай және толық ұйқастар. Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, ақын, «Серпер» сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Түркияда докторантурада білімін жетілдіріп жатқан Ержан Жұмабек екеуіміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Үшқоңыр», ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің «Самырсын» атты кітабындағы «Біз өткенде», ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Бесінші маусым жұпары» атты кітабындағы «Экология», ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделханның «Ауадағы жазу» атты кітабындағы «О несі екен?», ақын Ержан Жұмабектің «Шексіздік шұғыласы» атты кітабындағы «Хат» атты өлеңдерін түрік тіліне тәржімаладық.   Үшқоңыр Үшқоңыр Алатаудың қойнауында, Әкемнің ізі қалған жайлауында, Қасқа су гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Арқарлар жайылатын аймағында.   Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар, Бабалар тұлпарының дүбірі бар, Бұл жерде Жамбыл-Жәкең өлең айтқан, Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.   Шыңдары Төле бидің қалпағындай, Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай. Жуасы, қарақаты, бүлдіргені, Әжемнің шекер қосқан талқанындай.   Көрінер сонадайдан анық маған, Шыңында қырандары қалықтаған. Қыранның самғауына құмар қылып, Туыпты ұландарың алып далам.   Қайырмасы: Ай, Үшқоңырым, туған жерім, Рахым нұры тұнған жерім, Ай, Үшқоңырым, тал бесігім, Жүрегімде мәңгі есімің.   Üşkonır Üşkonır, Alatau’ın etrafında Babamın iz bıraktığı yaylasında Kaskasu gürülder, gül sallanır Dağ koyunu otlar yamacında.   Bu yerde tarihin sırlı sesi var Ecdad atlarının ayak sesi var. Bu yerde Jambıl «Jaken» şiir okumuş, Sanatın, şairliğin zirvesi var.   Töle bey’in kalpağı gibi zirvelerin Uçsuz bucaksız yemyeşil vadilerin Soğanın, frenküzmün ve çileğin Şeker katılan irmik helvası gibi ninemin.   Bana yakın görünür uzaklardan Kartal uçar dağ şahikasından Doğurmuş oğlanlarını büyük bozkır Kartalları seven göğe uçan.   Nakarat Üşkonır’ım, doğum yerim Rahim nuru yoğun yerim. Üşkonır’ım, dal beşiğim Kalbimde saklı ebedi ismin.   Біз өткенде... Бiз өткенде жылама да жоқтама, «Ақын едi!» – десең, – жетер жоқ баға. Күнәмiздi Құдай өзi кешiрер, Кешпей жатса ара түсiп, ақтама.   Бөлеу артық үлде менен бүлдеге, Керегi жоқ көмiп аза гүлге де. «Ақын едi!» – дей сал, айтсаң бiрдеңе, Одан жылы сөз таппассың – үндеме.   Кетерi бар Келдi деме несiне, Көк аспаннан көп iздеме тесiле. Жылама да, жоқтама да, ойлама... Өзiмiз-ақ түсермiз бiз есiңе.   Зар емеспiз заңғар биiк мүсiнге, Жыр оқысақ жарар кейде түсiңде. Жылау, жоқтау, еске алу да, бәрi бар «Ақын едi!» – деген сөздiң iшiнде.   Biz gittiğimizde... Biz gittiğimizde ağlama ve yaslanma Şairdi! demen yeterli Günahımızı Allah affeder Affetmezse de bahane bulma bin türlü Başka bir şeyin gereği yok, Gereği yok güllere de gömmenin Şairdi! de diyeceksen En iyi söz bu zannederim.   Gidektin madem Niçin geldin deme Gökyüzünde çok arama Ağlama, ağıt yakma ve düşünme Aklına geliriz kendimiz de   İhtiyacımız yok öyle büyük heykele Rüyanda şiir okursak yeter Ağlamak var, yaslanmak var ve hatırlamak Yalnızca «Şairdi!» sözünde.   Экология Дүниеге Шөп көзімен қарап едім, арамшөптігіміз көрінді. Дүниеге Аң көзімен қарап едім, қорқаулығымыз көрінді. Дүниеге Құс көзімен қарап едім, құзғындығымыз көрінді... Дүниеге Адам көзімен қарап едім, дереу қазғым келіп кетті көрімді!   Ekoloji Dünyaya ot gözüyle bakmıştım Yabaniliğimiz göründü. Dünyaya hayvan gözüyle bakmıştım Zalimliğimiz göründü. Dünyaya kuş gözüyle bakmıştım Yavuzluğumuz göründü. Dünyaya insan gözüyle bakmıştım Kazmak istedim gömütümü.   О несі екен?.. Белден төмен екенін бес күн жалған Айта алмадым, арландым. О несі екен? Ұстатпайды құйрығын ешкімге арман, Таңғалдым... О несі екен?   «Елді сүйем!» дегенді есту де арман, «Сүйе алмайды-ау» дегем жоқ. О несі екен? Шын махаббат көргем жоқ ешбір жаннан Кеттім содан өлең боп. О несі екен?   Аңғал ойдан аламын неге секем, жоқ нәрсені мұң еттім, О несі екен? Айтайын дегенім бұл емес екен? Сұраңдаршы жүректен, О несі екен?!   Bu da neymiş? Üç günlük dünyanın ayıplarını Söyleyemedim, ar saydım Bu da neymiş? Yakalanmaz hayalleri varsaydım Şaşa kaldım Bu da neymiş?   Birini bulmak hayal vatanı seven Sevemez de demedim Bu da neymiş? Gerçek aşkı görmedim hiç kimseden Bundandır, bir şiir oluverdim Bu da neymiş?   Her şeyden neden şüphelenirim? Yok şeyden hüzünlenirim Bu da neymiş? Söylemek istediğim bu değilmiş? Sorun kalbimde Bu da neymiş?   Хат Ренжіттім... Құрып кетсін батылым! Назаландың, батар күндей ақырын... Қос жүректің арасында – космос, Қос ауылдың арасы – мың шақырым.   Келешектің көк нұр бояп жолағын, Ми ішінде сырқырайды мол ағын... Махабаттың өзін ұқпай жүрсемде, Машақатын түсінгендей боламын.   Қатесін кеш, мендей ымырт кісінің, Бақ самғауы – бір-ақ сәттік ұшырым. Күңгірт үміт хатын жаздым өзіңе, Қиялымнан сорғалатып құс үнін...   Әтіріңнен арман иісі аңқи ма? Жақындасам, жүрек-демің шарпиды-ау!.. Сен жымисаң – көңілім қобыз тартады. Сен мұңайсаң: тән – садақа, жан – пида!   Күн көзінен естілгенде ақ сұр үн, Біз кездейсоқ кезіккенбіз... Жақсы ырым?.. Сені ойласам: жүрегінен даңғыра, соққылайтын бақсымын...   Mektup   Ben bilmem sevgi nedir Zor mudur, değil midir? Tahminimdir Bir uçurum ki Boşluk aşağı Kalbin kesilmesidir Müphem bir mektup  Getirdim sana Kuş sesleriyle Hayallerimin kokularını saklayıp Kuşların kanatlarına Yüreğimin yangınını yükledim Küçücük omuzlarına.   Tut ki Bir gülüşün Kalbimde büyür Bir orkestra olur Güneşlerimi doğurur Tut ki Bir gözyaşın Batırır güneşlerimi.   İncinirsin İncitir cesaretim. Beynimde deli bir akıntı Mavi bir ışık Güçlü bir mavi ışık Seni çağırır Hayallerimi çağırır Sevmek zorlaşır Sevmek imkansızlaşır Ama ben yine de Yüreğimin güçlü şarkısıyla Seni düşünürüm.  

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, аудармашы, PhD докторы Қуаныш Жұмабек

Фейсбук парақшасынан

评论
其他材料