Шымкенттегі блок бекеттерде ыстық тамақ берілуде

2933
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/1586002417850527.jpg
Шымкент қаласы аумағындағы блок бекеттерде тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілуде. Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратуда. Қала аумағында карантитнге жабылған аумақтарда кезекшіліктегі азаматтарға ас апарған еріктілер: – Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан шектеулерді сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз, дейді. Бүгінде қала аумағында 669 қызметкер жұмылдырылған 18 блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. 3 ауысыммен қызмет ететін посттарға  237 полиция қызметкері, 168 қарулы күштер, 60 Ұлттық ұлан сарбаздар мен  204 медицина маманы бар. Санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейтін мамандар тұратын аумақ жиі-жиі залалсыздандырылып, бейне камералармен және әуеден бақылайтын дрондармен қамтылған. Бекеттерде транзиттік көліктер мен олардың жүргізушілерін тексеру қатаң бақылауға алынған.
评论
其他材料