Фируза Шәріпова сербиялық боксшыдан басым түсті

3593
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/4663672.jpg
Мәскеу қаласындағы «Кеңестер қанаты» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр. Онда қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. Шәріпова сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Осылайша, Фируза Шәріпова профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді. 26 жастағы спортшымыз үшін бұл – 2020 жылғы екінші кездесу. Бұған дейін ол тамыз айында Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Сербиялық Сара Марьянович бүгін өз мансабында сегізінші рет жеңілді. Мәскеудегі бокс кешін «Qazsport»телеарнасы мен SHAMO BOXING Youtube-арнасынан тікелей эфирден көруге болады. Кеш хедлайнерлері – ресейлік боксшылар Шәміл Хатаев (4-0, 1 КО) пен Грачья Маргарян (7-1-1, 5 КО). Олар орта салмақта WBA Asia чемпионы титулы үшін айқасады.  

Сурет авторы Серикжан Ковланбаев

评论