Шымкент тұрғыны 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған (видео)

6217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/1f31dfe5-07bd-4de2-9579-dc5ee360dac5.jpeg
Шымкент тұрғыны 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Шымкент қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 2020 жылдың 17 желтоқсанында шамамен сағат 23:15-те Еңбекші аудандық Полиция басқармасының кезекші бөлімінің "102" сымтетігіне қоңырау түсіп, қарт әйелге көмек керек деген шақырту келген.  Оқиға орнына шұғыл барған жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз тұлғаның 70 жасар әйелді зорламақшы болғанын анықтады. Сол күні аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі (зорлауға әрекет ету) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қабылданған шаралардың арқасында күдікті адамның жеке басы анықталды. Ол – Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотты болған. Айта кетейік, қазіргі таңда күдікті адамды ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. https://youtu.be/UTt9WA8GLrs

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料