Кремль Түркияның Әзербайжанға әскери база салуына қарсы дүрлігіп жатыр

6396
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/maxresdefault-2.jpg
Ресей Түркияға Әзербайжанға әскери базаларын орнатқаны үшін  қарсы жауап қайтаруға бекініп отыр. 
"Түркия Әзірбайжан территориясына әскери базаларын орналастырса, Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр болады"-деді, президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"НАТО-ға мүше елдердің әскери базаларының біздің шекарамызға жақындап келе жатқанын біз бір сәт назарымыздан тыс қалдырмаймыз. Сондықтан да біз еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесін қорғау жолында қажетті қадамдарға барамыз",-деді Д.Песков.
Осыдан біраз уақыт бұрын Түркия президенті Режеп Тайп Ердоған Әзірбайжан территориясында түрік әскери базалары орналасатынын мәлімдеді.
Ресей тарапы НАТО-ның бір белді мүшесі Түркияның Әзербайжан территориясына әскери база салуы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіреді деп дүрлігуде.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
 
评论