Ресей Түркияға Әзербайжанға әскери базаларын орнатқаны үшін қарсы жауап қайтаруға бекініп отыр.
"Түркия Әзірбайжан территориясына әскери базаларын орналастырса, Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр болады"-деді, президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"НАТО-ға мүше елдердің әскери базаларының біздің шекарамызға жақындап келе жатқанын біз бір сәт назарымыздан тыс қалдырмаймыз. Сондықтан да біз еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесін қорғау жолында қажетті қадамдарға барамыз",-деді Д.Песков.
Осыдан біраз уақыт бұрын Түркия президенті Режеп Тайп Ердоған Әзірбайжан территориясында түрік әскери базалары орналасатынын мәлімдеді.
Ресей тарапы НАТО-ның бір белді мүшесі Түркияның Әзербайжан территориясына әскери база салуы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіреді деп дүрлігуде.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Мәскеуге дрондар шабуылдады, екі тұрғын жарақаттанды. "Мазасы кеткен Мәскеуге" қатысты тағы қандай деректер мәлім?
