"Атырау мұнай өңдеу зауытының" бұрынғы басшысына қатысты тергеу расталды

3912
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/mg_6862.jpg
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды. Қаржылық бақылау агенттігі оған қатысты қылмыстық тергеу жұмыстарының жүргізілгенін растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қаржылық бақылау агенттігінің мәліметінше, Шухрат Данбай Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алу үшін  бөлінген ақшаны жымқырған. Ол 16 ақпанда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. "Агенттікктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген агенттік таратқан хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Comments