Әлеуметтік желіде «Щеркеш» деп жазылған сурет пайда болды. Украинадағы соғыста әскери техникаға қазақ руының аты жазылған сурет желі қолданушыларының таңданысын туғызды, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде «Шеркеш» деген қазақ руының атауы жазылған БМП-2 әскери техникасының суреті тарап жатыр. Бұл туралы түрлі пікір де айтылуда.
Пікір қалдырушылардың бір бөлігі – жазуды Шеркеш руынан шыққан Ресейде тұратын этникалық қазақтар қалдыруы мүмкін деп топшылады. Ал енді бір бөлігі – олардың РФ құрамындағы Қарашай-Шеркеш халқының өкілдері дейді.
Әзірге қай нұсқа шындыққа сәйкес келетіні белгісіз.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
Tokayev instructed to bring to justice the company that sent Kazakhstani people to the Hajj by deception
