Украинада “Шеркеш” руының әскери техникасы жүр

3134
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде «Щеркеш» деп жазылған сурет пайда болды. Украинадағы соғыста әскери техникаға қазақ руының аты жазылған сурет желі қолданушыларының таңданысын туғызды,  деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде «Шеркеш» деген қазақ руының атауы жазылған БМП-2 әскери техникасының суреті тарап жатыр. Бұл туралы түрлі пікір де айтылуда.

Пікір қалдырушылардың бір бөлігі – жазуды Шеркеш руынан шыққан Ресейде тұратын этникалық қазақтар қалдыруы мүмкін деп топшылады. Ал енді бір бөлігі – олардың РФ құрамындағы Қарашай-Шеркеш халқының өкілдері дейді.

Әзірге қай нұсқа шындыққа сәйкес келетіні белгісіз.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер