Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас достық күйінде қалып отыр, деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы "Адырна" тілшісі жазады.
«Ешқандай шешімдер (антиресейлік санкциялар бойынша) қабылданған жоқ, керісінше, өзара іс-қимылымызды одан әрі кеңейтуге, шетелден келетін сын-қатерлерге бірлесіп жауап беруге және осы жағымсыз әрекеттердің салдарын барынша азайтуға абсолютті ниет жарияланды», - деді Кремль өкілі журналистерге берген жауабында.«Российская газетаның» хабарлауынша, «Қазақстан Ресейге дос ел болып қала ма?» деген сұраққа президенттің баспасөз хатшысы: «Әрине, әрине!» деп жауап берді.
"Біздің үкіметтеріміз үнемі байланыста. Байланыс тұрақты негізде, жоғары деңгейде жүзеге асырылады", - деп келтіреді Песков сөзін Gazeta.ru.
Related news
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
Vice Prime Minister and Minister. Jamaubayev told about the difficulty of carrying out two duties at the same time
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country