Трамп 36 елдің азаматына АҚШ-қа кіруге тыйым салуы мүмкін

492
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hJxEhuWCnhfxhXUiVwqZZVvZC5cziE6gYHXmeYyK.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі тағы 36 елдің азаматына Құрама Штаттарға кіруге тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы 15 маусымда Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа шектеулер Африкадағы 25 елге, соның ішінде Мысыр мен Джибутиге, сондай-ақ Орталық Азия мен Кариб аймағындағы мемлекеттерге әсер етуі мүмкін. Бұл елдердің азаматтарына АҚШ визасы берілмейді, сонымен қатар басқа да шектеулер енгізілуі ықтимал.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, тізімге енген мемлекеттер АҚШ-та көші-қон заңдарын бұзған азаматтарына алып кетуге көмектеспеген. Сондай-ақ кейбір елдің азаматтары АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттерге қатысқан. Енді бұл елдерге талапты орындауға 60 күн беріліп отыр.

Бұған дейін Дональд Трамп 12 елдің азаматына елге кіруге тыйым салу туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұл тізімге Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен кірді.

Comments