Бүгін, 17 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Астанада автобус апатынан зардап шеккендерді қандай көмек күтетіні туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна”.
Журналистер зардап шеккендерге, соның ішінде аяғынан айырылған қызға қандай оңалту көмегі көрсетілетінін сұрады.
"Барлық зардап шеккендерге дер кезінде жедел медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде жеті жасар бала да бар. Бала бүгін ауруханадан шығарылды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Өкінішке орай, аяқтарын кесуге тура келгенін бәрі біледі. Мұның
Оның айтуынша, бала Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы емханада есепте тұрады.
"Емхана қазірдің өзінде жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу үстінде. Болашақта операциядан кейінгі жаралар жазылғаннан кейін біз баланы толық сауықтырумен айналысамыз", – деп сендірді вице-министр.
Айта кетсек, 2 маусымда Астанада жан түршігерлік оқиға болды. Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Кейін бір науқастың аяқ-қолын кесіп тастағаны белгілі болды.