Ұлттық банк дабыл қақты

346
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hE4h3g3BRavWdrKMvdn0afVUrBWpH2qH84RDpOY4.jpg

Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарды жаңа алаяқтық схемаларға байланысты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар өздерін Ұлттық банк, құқық қорғау органдары, екінші деңгейлі банктер немесе байланыс операторларының қызметкері ретінде таныстыруда. Жалған құжаттар, реквизиттер, мобильді қосымшалар және әлеуметтік желідегі фейк парақшалар арқылы азаматтарды алдап, олардың шоттарына, депозиттеріне және онлайн несие рәсімдеуге қол жеткізуге тырысады.

«Алаяқтар сізге SMS-код жіберуді, күмәнді сілтемелерге өтуді, белгісіз қосымшаларды жүктеуді сұрауы мүмкін.

Мұның барлығы сіздің телефоныңыздағы жеке ақпаратқа заңсыз қол жеткізу мақсатында жасалады», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық банк ресми орган қызметкерлерінің азаматтарға аудио немесе видеоқоңырау шалмайтынын, инвестициялық жобаларға қатысты ұсыныстар жасамайтынын, қаржыны сақтандырмайды және халықпен тікелей ақшалай есеп айырыспайтынын хабарлаған.

Егер алаяқтардың арбауына түскен болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына арыздану ұсынылады.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 нөміріне хабарласуға болады.

Comments