Ұзынағаш ауылы маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жазды.
Өрт 18 маусым күні кешкі уақытта Жамбыл ауданына қарасты полигонда тіркелген. Ресми мәлімет бойынша, полигон жергілікті атқарушы органдардың қарамағында. Оның жалпы аумағы 10 гектарды құрайды, ал қалдықтардың тереңдігі
Related news

«Алдын ала болжам бойынша, 1 гектар аумақты жалын шарпыған. Өртті сөндіру жұмыстары су себу және қалдықтарды қоршау әдістері арқылы жүргізіліп жатыр», – делінген ТЖД таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 25 маман мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.