Арасында аумақтық қорғаныс заңы да бар. Президент бірқатар құжатқа қол қойды

1672
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VwblzWhAOe5bJM4n7shNTLfpbCD7lLuREoqAexaE.webp

Бүгін, 30 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, мемлекет басшысы:

«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

«Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, аталған салаға мемлекеттік бақылау енгізілді. Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процестік, азаматтық процестік және әлеуметтік кодекстерге, сондай-ақ 14 заңға түзетулер енгізді. Түзетулердің бірінші блогы үлестік құрылыс процестерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Түзетулердің екінші блогында инватакси пилоттық жобасын жаппай қолданысқа енгізу көзделген. Әлеуметтік қызметтер порталында қолжетімді қызметтер санатына мүгедек жандарды инватаксимен тасымалдау қызметі енгізілді. Яғни мүгедектігі бар адамдар өздерінің ерекше қажеттілігіне байланысты көлік шақыруға мүмкіндік алды. Осылайша олардың еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етіледі. Түзетулердің үшінші блогы автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

Одан бөлек, президент  "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы", "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" және басқа да заңдарға түзетулер енгізді.

Comments
Other materials