Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы - Адамның үйлену тойында қонақ болды. Бұл туралы Рамзан Қадыров жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
“Мен, достарым, осы күндері Грозныйда қатты қадірлейтін және құрметтейтін көптеген қонақтарды, сондай-ақ Иран, БАӘ, Түркия, Қазақстан елшілерін көргеніме қуаныштымын. Олардың бәрі отбасымызды Шешен Республикасы Тұңғыш Президентінің немересі, Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Қадыровтың немересі — Адамның үйлену тойымен құттықтауға келді», — деп жазды Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында.
Ол Грозныйға келгісі келгендер бұдан да көп болғанын, бірақ түрлі себептерге байланысты бәрінің келе алмағанын атап өтті.
«Мен оларға шын жүректен ризамын. Олар тек қуанышымызды бөлісіп қоймай, өздерінің қатысуымен тойымызды одан сайын есте қаларлықтай, ұмытылмас етті. (…) Рахмет сіздерге, достар! Бүкіл отбасымыз сол ерекше күнде жанымызда болған әр адамға шын жүректен алғыс айтады!» — деп атап өтті Қадыров.
Бұған дейін хабарланғандай, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кіші ұлы - 17 жастағы Адам үйлену тойында шектеулі сериямен шыққан Mercedes көлігімен жүрген, сондай-ақ бірнеше миллион доллар тұратын сағат таққан.
Бұған The Insider және ФБК-ның тергеу бөлімінің басшысы Мария Певчих назар аударды.
Шешенстан басшысының ұлының үйленуімен Ресей Президенті Владимир Путин жеке құттықтады.
Адам Қадыровтың қалыңдығының есімі - Медни, деп хабарлады Айшат Қадырова. «Новая газета Европа» мәліметінше, 2024 жылдың 8 маусымында Адам Қадыров Шешенстан сенаторы Сулейман Геремеевтің қызымен ислам шариғаты бойынша некеге отырған.
Teacher of mathematics NIS Taldykorgan became the owner of the badge "Honorary Worker of Education of the Republic of Kazakhstan"