Әуе соққысы. Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан 2 адам қаза тапты

1063
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8qq4qYboX4Mpviw1bpXIZTtQbGSyw9HY3IPpZtg7.jpg

Түнде Украина астанасы Киевке Ресей Федерациясы тарапынан жойқын әуе шабуылы жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қала билігінің хабарлауынша, шабуылда дрондар мен баллистикалық зымырандар қолданылған. Нәтижесінде қалада жарылыстар тіркеліп, бірнеше ауданда өрт шықты.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченконың мәліметінше, шабуылдың салдары алты ауданда байқалған. Тұрғын үйлер мен кеңселер, қоймалар, гараждар, жанармай бекеттері мен автокөліктер өртеніп, едәуір залал келген.

Шевченко ауданында тұрғын үйдің жоғарғы қабатында өрт шыққан. Сондай-ақ, Дарница ауданында  жанармай құю бекеті өртенді, дрон қалдықтары бір тұрғын үйдің ауласына түсті.

Соломенка ауданында бос тұрған ғимараттың шатыры жанып кетті.  

Голосеево ауданында жүк көлігі өртенген.

Подол ауданында шабуыл салдарынан ғимарат қалдықтары ашық алаңға құлады.

Шабуыл салдарынан 2 адам қаза тауып, 14 адам түрлі жарақат алған. 

Тимур Ткаченко қалада ауа сапасының нашарлағанын ескертіп, тұрғындарды терезе ашпауға, далаға шықпауға және үйде отыруға шақырды. Қазір Киевте түтін қоюланып, ауада зиянды заттардың мөлшері артқан.

Comments