АҚШ мемлекеттік департаменті Қырғызстан азаматтары үшін миграциялық емес виза беруге жаңа шектеулер енгізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жаңа ережелерге сәйкес, туристік және іскерлік визалар енді тек 3 ай мерзімге және бір рет қана кіруге беріледі. Бұған дейін мұндай визалардың мерзімі он жылға дейін жарамды болған еді.
Дипломатиялық өкілдіктің түсіндіруінше, бұл шара АҚШ-тың көші-қон жүйесіндегі заңбұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алу мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған.
Еске салайық, маусым айында Вашингтон 36 елдің азаматына елге кіру шектеулерін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарланған болатын.