Депутат орыс тілді азаматтарды қазақ тілін үйренуге шақырды

1096
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QI9Yvc9MlRsKW3H5EFS62N5ukFG9tZY5NU7TatEt.png

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв  еліміздегі орыс тілді азаматтар  мемлекеттік тілді белсенді меңгеру керек екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, қазақ тілін білу - тұлғалық әрі қоғамдық дамуға, сондай-ақ ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етеді.

Пономарёв сыртқы ықпалдар қаупіне алаңдаушылық білдіріп, этностардың бірігу қажет екенін алға тартты. Ол халықаралық шиеленістер аясында ел ішіндегі бірлікті сақтау маңызды екенін айтты.

Сергей Пономарёв — «Amanat» партиясынан сайланған мәжіліс депутаты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі беделді әрі кең қолданылатын тілге айналуы қажет екенін баса айтты. Сонымен қатар ол тілді жетік білмейтін азаматтардың құқықтары шектелмеуі тиіс екеніне акцент қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, оны ғылым мен техника тіліне айналдыруды, қазақ тілді жобалар мен цифрлық контентті колдауды тапсырды. Бұл мемлекеттік тілдің білім беру, іскерлік жене медиасалада еркін қолданылуын камтамасыз ету үшін қажет.

Comments