Теңге бағамы әлсірей ме? – Премьер өз шындығын айтты

1173
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/E44WudP2fVdeqTzmZJW22MEGeDJxS3PSKvpwfTe1.webp

Қазақстан экономикасын дамытуда базалық сценарий шындыққа жақынырақ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

 “Біздің бағалауымыз бойынша, салмақты сарапшылардың көбінің бағалауы бойынша теңге бағамының күрт әлсіреуіне әкелетін алғышарттар жоқ. Бюджетке қандай параметрлер енгізілген дегенге келсек, қазір біз базалық сценарийді ұстанып отырмыз. Доллар бағамы 540 теңге, бір баррель мұнайдың бағасы 60 доллар деп белгіленген. Пессимистік сценарий де бар. Егер кенеттен мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін түссе, басқа тетіктер іске

қосылады. Бірақ базалық сценарийдің орындалуы шындыққа жақынырақ деп есептейміз”, - деді ол БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Премьер-Министр журналистерге кенет девальвация болмайтынын сенімді түрде айтты.

“Біз девальвация күтіп отырған жоқпыз. Теңге бағамының кенет түсуі болмайды”, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында жылдың 6 айында ел экономикасы 6,2 пайыз өсім көрсеткенін мәлім еткен еді. 

Comments