Армения ШЫҰ-ға мүше болуға өтініш білдірді

1490
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5W520LhPYk8A2Q8eiEOOzjLwGIc9YaJAadKkGJwm.jpg

Армения Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болуға ресми түрде өтініш берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Никол Пашинян 16 шілдеде Ереванда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Пашинянның айтуынша, бұл шешім Арменияның теңгерімді сыртқы саясатына сай келеді. Ел қазірдің өзінде ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие.

"Біз ұйымға мүше болуға нөлден келген жоқпыз. Арнайы құрылымдық өзгерістер жүріп жатқан кезде мұндай қадам жасау — заңды әрі уақытылы шешім", – деді ол.

Армения сыртқы істер министрлігі де бұған дейін ШЫҰ-ға кіруге ниет білдіргенін растаған болатын. Ел ұйымның аумақтық тұтастық, күш қолданбау және шекара беріктігі сынды қағидаттарын қолдайтынын мәлімдеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Қазіргі таңда оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан, Иран және Беларусь мүше. Ұйымның негізгі мақсаты – мүше елдер арасында сенім мен ынтымақтастықты нығайту.

Comments