Қазақстанда Қытайдан келетін тапсырыстарға негізделген суррогат аналық қызметтеріне қатысты заңсыз әрі көлеңкелі нарық қалыптасқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
DW тілшілеріне сұхбат берген Әлия мен Наталья (есімдері өзгертілген) өздері сияқты сегіз әйелдің атынан сөйлеген. Олар делдал компаниялардан қоқан-лоқы көргендерін, тіпті зорлықпен басқа елге алып кетіп, аборт жасату қаупі болғанын айтқан. Жағдай ушыға бастағанда, әйелдер Альбина және Азамат Бекқұлов есімді адвокаттардан заң көмегін сұраған.
Әлеуметтік желі арқылы тартылған бұл әйелдер 25–30 жас аралығында, басым бөлігі жалғызбасты, тұрақты жұмысы мен баспанасы жоқ. Олар Instagram мен TikTok-тағы жарнамалар арқылы суррогат ана болуға ұсыныс алған. Онда 6–8 млн теңге төлем, тегін баспана және жүктілік кезінде ай сайын 500 доллар табыс уәде етілген.
Медициналық тексеруден кейін әйелдерге эмбрионды

Процедурадан кейін әйелдер Қазақстанға қайтарылған. Бірі – Алматы маңындағы коттеджге, екіншісі – мегаполистегі пәтерге орналастырылған. Бұл үйлерде қытайлық тапсырыс берушілердің өкілдері тұрып, медициналық бақылау жүргізіп отырған. Натальяның айтуынша, 20-ға жуық суррогат ана өз балаларымен бірге тұрып жатыр. Әлия болса, көрші пәтерлерде де дәл осындай әйелдер барын айтқан.
Мамандар бұл жүйенің қатаң қадағалаусыз жүзеге асып жатқанын, әйелдердің құқығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырғанын ескертеді. Сарапшылар мұндай көлеңкелі бизнес мемлекеттік деңгейде зерттеліп, құқықтық шаралар қабылдануы қажет деп отыр.