Иран қарулы күштері АҚШ пен Израильмен болған 12 күндік қарулы қақтығыс кезінде зақымданған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қалпына келтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Иран Ислам Республикасы армиясы қолбасшысының орынбасары, адмирал Махмуд Мусави жабдықты ауыстыру мен қайта орналастыру елдің әуе кеңістігін үнемі бақылауда ұстауға мүмкіндік бергенін айтты.
Оның сөзінше, 12 күнге созылған соғыс кезінде Иранның радарлары мен әуе қорғаныс жүйелері
Мусави әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің тәулік бойғы жұмысын жоғары бағалап, көптеген жүйелердің зақымданғанын, бірақ алдын ала анықталған орындарға тез арада жаңалары орналастырылғанын атап өтті.
«Біз елдің әуе кеңістігін толық бақылауда ұстап отырмыз. Жау бар күшін салғанымен, өз мақсатына жете алмады», — деді ол.