Сара Назарбаева 3 айға жуық ауруханада ем алып жатыр

2073
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/f2NjbOOgS4WLNpukoSG4ndO1G73UMKxFiWezxbAe.jpg

Сара Назарбаева қазіргі уақытта Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде (бұрынғы атауы – Совминка) ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды “Адырна” Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

"Науқас ем қабылдап жатыр. Барлық емдеу шаралары бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізілуде және білікті мамандардың бақылауында", – деп жауап берді госпиталь редакцияның сұрауына.

Медициналық мекеме Сара Назарбаеваның нақты диагнозы мен қазіргі жағдайы туралы ақпарат бермеді, себебі бұл дәрігерлік құпия және медициналық этика принциптеріне сәйкес.

Еске сала кетейік, Сара Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат 5 мамырда жарияланған болатын. Ол кезде оның жағдайы ауыр екені хабарланған.

Госпитализациядан кейін бірнеше күн өткен соң, әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда ресми дереккөздер бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.

Comments