Құрғақ санның артында адам тағдыры жатыр. Бірыңғай есепке алу жүйесі Қазақстанға не үшін керек?

1914
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/m72rE8rKrK2TvHw1E56W6a0y18ZJnnNgInpj9Anb.jpg

Қазірдің өзінде 40 мың азаматымыз лудоманиядан зардап шеккені ресми анықталды. Құмар ойын мыңдаған отбасының шырқын бұзып, ажырастырып, көптеген баланы тірі жетімге айналдырды.

Бас прокуратураның дерегіне сәйкес, биыл Қазақстанда құмар ойындар мен қарызға батудың кесірінен шамамен 200-ге жуық адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл тек Қазақстанның ғана емес бүкіл әлем елдерінің бас ауыруына айналған проблема.

Дегенмен, Бас прокуратураның мәліметі бойынша ойынға құмар азаматтарымыздың саны бойынша мемлекеттің әлі де толық түсінігі жоқ.

«Өз-өзіне қол жұмсау мәселесіне келетін болсақ, жалпы әлемде лудомания кесірінен суицидтің 15 есе өсуі байқалады. Ең қорқыныштысы, жастар жаппай бәс тігуге құмар болып бара жатыр. Қарызға батып, өз-өзіне қол жұмсаған оқу орнының студенттері бар, ата-анасының өмірін қиғандар бар, досын өлтіргендер тағы бар», – дейді ҚР БП басқармасының бастығы Мақсат Орақбаев.

Бұдан бөлек Ақтөбеде екі спорт мектеп директорының алаңдарды заңсыз жалға беруден тапқан 12 млн теңгені бәске тігіп жібергені анықталды.

Ең маңыздысы бұл жүйелі түрде қайталанып жатқан оқиғалар. Сондықтан да құмар ойындар мәселесіне бұдан былай көз жұма қарауға болмайды. Жоғарыда аталған олқылықтың орнын толтырып, букмекерлердің жауапкершілігін арттыру үшін «Бірыңғай есепке алу жүйесі» іске қосылады.

Айқын жүйе, бірыңғай ереже мен тұрақты мониторинг бизнес немесе қарапайым адамдарды шектеу ниетімен емес, бұл салада тәртіп орнату қажеттілігімен байланысты.

 

Comments