Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар екені айтылды

3575
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/G2Ml4k2wRsIrEshr6y993EXuVB9aOjLRrQR0o68u.jpg

Биыл елімізде ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы қайраткер есімімен байланысты қызықты статистикалық деректерді ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің басым бөлігі Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласында (1 719) тұрады.

Абай есімді ең егде жастағы тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Бұл есім ең көп таралған жас тобы – 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны – 3 228 адам. Биылғы бірінші жарты жылда туған 157 нәрестеге Абай есімі берілген. 

Бұл есім қыз балаларға да қойылған, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны елімізде 35 404 адам. 

Ақынның құрметіне елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлға есімі берілген.

Comments