Әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопестің тобы Up All Night туры аясында қайтадан Қазақстанға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Команда мүшелері Алматыға қонып, қаладағы суреттерін әлеуметтік желіге жариялады. Әншінің бэк-вокалистерінің бірі Шэрон Янгблад Қазақстанның сұлулығына таңғалғанын айтып, отбасымен бірге демалысқа қайтып келгісі келетінін жеткізді.
«Бұл тур аясында Қазақстанға екінші рет келуіміз. Астанада да тамсанған едім, бірақ Алматыны көріп, бүкіл елдің керемет екенін түсіндім. Мұнда отбасымды алып келуім керек», – деді ол.
Еске салсақ, Дженнифер Лопес 10 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда концерт береді.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended