Камерунның тәуелсіздік үшін күресі. Макрон Францияның рөлін мойындады

959
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GUpaHLLbxdy7TkMDOUsisKHg0OC6wSZcUoGOIziV.jpg

Эммануэль Макрон Камерунның тәуелсіздік үшін күрес кезеңінде елде жүргізілген қатаң репрессиялардағы Францияның рөлін ресми түрде мойындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеме жасап.

Макрон Камерун президенті Поль Бийяға жолдаған хатында бұл мәлімдемені 1945–1971 жылдар аралығындағы Францияның іс-әрекетін зерттеген бірлескен француз-камерун комиссиясының қорытындысына сүйене отырып жасаған.

"Тарихшылар Камерунда соғыс болғанын, сол кезде отаршыл билік пен француз әскері елдің кей аймақтарында түрлі репрессивті зорлық-зомбылық түрлерін қолданғанын анық айтты. Бұл соғыс 1960 жылдан кейін де жалғасты, Франция тәуелсіз Камерун билігінің әрекеттерін қолдады. Бүгін мен осы оқиғалардағы Францияның рөлін және жауапкершілігін мойындауым керек", — делінген президенттің хатында.

Бұл мәлімдеме қаңтар айында жарияланған есептен кейін жасалды. Онда Франция жүздеген мың камерундықты күштеп көшіру, интернирлеу лагерлеріне жіберу және елдің егемендікке ұмтылысын басу үшін қатаң қарулы жасақтарды қолдау секілді әрекеттерге барғаны айтылған.

Айта кетейік, Камерун алғашында Германияның отары болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел аумағы Ұлыбритания мен Франция арасында бөлінді. БҰҰ қамқорлығы аясында Франция бақылауындағы аймақ 1960 жылы тәуелсіздік алды. 1961 жылы британдық Камерунның оңтүстік бөлігі референдум арқылы француз Камерунына қосылды.

Comments