Бекітілген жоқ. “Қайрат” клубы “Реалға” қарсы ойын билеттеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады

1940
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cQmNND5mHNyvQBjecFKUcxzbG4jbkeruhHgmnyxm.png

“Қайрат” футбол клубы әлеуметтік желілерде тараған билеттердің сатылымы мен брондалуына қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Клубтың мәлімдеуінше, жанкүйерлерді шатастырып жүрген хабарламалар жалған.

"Билеттерге қатысты ресми ақпарат тек “Қайраттың” ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жарияланады. Қазіргі уақытта билеттердің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. Сондықтан жанкүйерлерге бейресми арналар арқылы билет алудан бас тартуды сұраймыз" – делінген хабарламада.

Еске салайық, жуырда “Қайраттың” Лига чемпиондары жолындағы “Селтикке” қарсы шешуші ойынына билеттер бір апта бұрын сатылымға шығарылып, бір жарым сағатта түгел сатылып кеткен еді. Клубтың дерегінше, сол кезде сайтқа 100 мыңнан астам өтінім түскен.

Сарапшылардың болжауынша, “Реал Мадридке” қарсы матч билеттеріне сұраныс бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Comments