Қытайдағы Sandyq. “Емделмек” деген Берденов министрмен жүр

1491
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3OLQBjRPyvjrd4E0aN6B0UJEWBAFpiWHnetvu10S.webp

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Руслан Берденовтің Қытайда жүрген суреті тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Фотоны кәсіпкер Сырымбек Тау өзінің парақшасында жариялап, кейін өшіріп тастаған.

Суретте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де бар. 

Жазбада: «Ағамыздың қазақилығына, қарапайымдылығына риза болдық. Аман болыңыз. Beijing 02/09/2025» деп көрсетілген.

Сырымбек Тау парақшасында тағы бір видеоны бөлісіп, онда Бейжің қаласында «Sandyq» мейрамханасы ашылып жатқаны айтылды.

Видеода Нұржан Ниязалиев есімді азамат: «Sandyq мейрамханасын Бейжің қаласында ашып жатырмыз. Мемлекет басшысының алдында Sandyq жобасын таныстырамыз» деген.

Айта кетсек, 2021 жылы Руслан Берденов серіктестерімен бірге бірнеше қалада «Sandyq» мейрамханасын ашқан болатын.

Күні кеше ғана мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Руслан Берденовтің шетелде ем қабылдап жатқанын айтқан еді. 

Comments