Қазақстан тарапы Новосібір мемлекеттік университетінің (НМУ) Алматыдағы филиалын ашу жобасын уақытша тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
НМУ ректоры Михаил Федорук ТАСС агенттігіне берген сұхбатында бұл бастамадан түбегейлі бас тартылмағанын айтты.
«Филиал ашуды ең алдымен Қазақстаннан шыққан біздің түлектер қолдаған еді. Бірақ әзірге ол жобаны, негізінен, Қазақстан тарапының өтініші бойынша тоқтата тұруға тура келді», – деді ол.
Айта кетейік, аталмыш ЖОО-ның филиалын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылады деп жоспарланған болатын. Оқу орнында жаратылыстану бағыты бойынша жиырмадан астам мамандық оқытылуы тиіс еді. Олардың қатарында мұнай-газ жүйелерін модельдеу, биоинформатика, ядролық медицина, мұнай-газ және тау-кен саласындағы геофизика бар.
Бұл жоба уақытша кейінге қалдырылғанымен, Астанада Ресейдің МГИМО университетінің филиалы ашылды.
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis