Жеңілістен кейін. Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері отставкаға кетпек

961
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/42tPRM07wdS75rsKjMyfiiDENXzHdQXd6IiiziGA.webp

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол 8 қыркүйекке қараған түні Бельгиядан 6:0 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейінгі матчтан соң өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Әлиевтің мәлімдемесінің үзіндісін қазақстандық спорт журналисі Иван Резванцев Telegram-арнасында жариялады.

«Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Отставкаға өтініш жазамын», – деп жауап берді Әлиев жағдайға қатысты сұраққа.

Әли Әлиев 2025 жылдың қаңтарынан бастап Станислав Черчесовтың орнына келген еді.

 

Comments