Қытай 11 қазанда Шаньдун провинциясындағы Хайян қаласы маңындағы теңіз айдынынан Gravity-1 зымыран-тасығышын ғарышқа ұшырды. Бұл туралы Қытайдың Тайюань спутник ұшыру орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Зымыран Бейжің уақытымен сағат 10:20-да ұшырылып, бортына орнатылған үш спутник жоспарланған орбиталарға сәтті шығарылды.
Ұшырылған аппараттар қатарында «Цзилинь-1 Куаньфу 02B07» спутнигі мен екі тәжірибелік спутник бар.
Мамандардың айтуынша, бұл ұшырылым Қытайдың теңіз үстінен жүзеге асырған кезекті табысты миссияларының бірі.
Айта кетейік, Gravity-1 зымыран-тасығышының алғашқы сынақтық ұшырылымы 2024 жылдың қаңтар айында өткен болатын. Сол жолы да зымыран ғарышқа бірнеше коммерциялық спутникті жеткізген еді.
Related news