Әскери қызметкер өз әріптесін атып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды

1275
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NA3RfTprEsw4zrwypjJ9U5fSUEWQhHyHCfxORHA0.jpg

Мәскеу маңында әскери қызметкер өз әріптесін атып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды. Бұл туралы Мәскеу әскери округінің (МӘО) баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды «Адырна».

«2025 жылғы 17 қазан түні Мәскеу маңындағы әскери бөлім аумағындағы бақылау бекетінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметкер қарумен жұмыс істеу ережесін бұзып, келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген әріптесін атып өлтірген», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында Ресей Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшылығының комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Басқа деректер әзірге жарияланған жоқ.

Тағы бір хабарламада мәлім етілгендей, Мәскеу маңындағы әскери бөлімде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз өз әріптестеріне оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тауып, тағы бір сарбаз ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Comments